KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

Қасым Қайсенов кентінде көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері табысталды

16.12.2023, 17:34 197

Тәуелсіздік күніне орай Ұлан ауданының орталығы – Қасым Қайсенов кентінде 18 көпбалалы отбасына тұрғын үй кілттері табысталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Баспана мәселесін шешу – мемлекетіміздің маңызды міндеттерінің бірі. Осы мақсатта ауданымызда атқарылған істердің және құрылысшылар еңбегінің арқасында бүгін біз тұрғын үй кезегінде тұрған бір топ көпбалалы отбасына пәтер кілттерін табыстап отырмыз. Жаңа пәтерлердің іші шаттыққа толы болсын! – деді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Ринат Болатхан.


Үш бөлмелі пәтерге қол жеткізген бес баланың әкесі Елшат Ахметжан көп жылдан бері өз баспанасы болмағанын айтып, бүгін ерекше қуанып отырғанын жеткізді.

 

Атап өтерлігі, бұл үйлердің бәрінде санитарлық торап бар, ауызсу, жылу және кәріз құбырлары тартылған.

– Жаңа үйлеріңіз бақытқа, үйлесімділік пен жайлылыққа толып, қуаныштарыңыз ұзағынан  болсын! – деп ақжарма тілегін білдірді жанұяларды құттықтауға келген Ұлан ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтмұхамет Бәкімбаев.


Көптен күткен үйлердің кілттері табысталған соң қуаныш иелерінің құрметіне әннен шашу шашылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив