Су тасқыны: Снегиревода шаруашылықтармен шарт жасалды
Алтай ауданындағы Снегирево ауылында тасқынның алдын алу шаралары жүргізілді.
Айталық, 950 тонна тас-құм, 300 қап инертті материал дайындалды. Сондай-ақ «Снегиревское» ЖШС және «Нивы Чапаево» ЖШС-мен алдын ала шарт жасалды. Егер төтенше жағдай туындаса, екі мекемеден он техника іске жұмылдырылады.
Чапаев ауылдық округінде екі мотопомпа бар. Су бөгеті Снегирево ауылынан 500 метр қашықта орналасқан. Қазір қарғын су бөгетке қауіп төндіріп тұрған жоқ.
Чапаев ауылдық округіндегі кентішілік жолдардың жалпы ұзындығы – 30,5 шақырым. Көлік жолдарындағы қар күрелген, қарғын су жайылған жоқ.
Оқи отырыңыз
Алтай ауданының елді мекендерінде су тасқының алдын алу жұмыстары жүргізілуде (видео)ТЖ министрі ШҚО-дағы су тасқыны кезеңіне құтқарушылардың дайындығымен таныстыШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасып жатырҚараөткел ауылы маңындағы қарғын суды бұрып жатырҚыс басталғалы 243 мың текше метр қар шығарылды – ШҚО