ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасып жатыр
Облыс аудандарында ШҚО ТЖД мамандары, әкімдік және басқа да мүдделі органдардың өкілдері кіретін топтар құрылды.
Департаменттің ақпараты бойынша, жұмыс тобының мүшелері қардың шығарылуын бақылайды, ағын су кәрізін, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін, қажетті материалдық-техникалық құралдардың дайындығын тексереді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Айта кетейік, әкімдіктер мен ауылдық округтерде тәулік бойы кезекшілік ету кестесі, сондай-ақ су тасқыны кезеңінде төтенше жағдай болғанда халықты хабардар ету схемасы белгіленген.
Айжанат Бақытқызы
Фото: ШҚО ТЖД