KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
518.31 567.96 6.03

Алтай ауданында жағалау нығайтылып жатыр (видео)

8.04.2024, 15:31 121 Оразай Жеңісұлы

Алтай ауданындағы Зубовск кентінде екі тұрғын үйдің ауласын су басты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жергілікті атқарушы орган өкілдері жағдайды дереу бақылауға алды. Қазір жағалауды нығайту және өзен арналарын тазарту жұмыстары жүргізілуде.

«Теміржол станциясының қызметкерлері, №68303 Семей әскери бөлімінің қызметшілері іске жұмылдырылды. Олар арықтарды тазалап жатыр. С.Лазо көшесінде арнайы маман жүк тиегіш техникамен жұмыс істеуде. Су бұру жұмыстары жүргізілді», - деп мәлімдеді аудан әкімдігі.

Мамандар тасқынның алдын алу үшін Железнодорожная көшесіндегі арық жүйесін, Зубовка, Березовка өзендерінің арнасын тазартты. Зеленка өзенінің жағалауында 500 метр аумаққа инертті материал төселді.

00:00
00:00
 

00:00
00:00
 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу