Алтайда қарғын су шайған жол учаскесі жөнделді
Алтай ауданындағы Парыгин ауылдық округіне қарайтын Кутиха елді мекенінің маңында жол учаскесін қарғын су шайып кеткен.
Жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кутиха елді мекенінде жеті адам тұрады. Бес тұрғын үй бар.
Мамандар аталған учаскеге бір жарым сағат ішінде жетіп, қарғын су салдарын жойды.
«Қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қазір жолға құм төгіліп жатыр. Жағдай бақылауда», - деп мәлімдеді аудан әкімдігі.
Оқи отырыңыз