KZ
Өскемен
-12°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
521.81 543.67 5.05

Елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз

pixabay.com

24.03.2024, 22:00 133 Назерке Каримова

«Қазгидромет» алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстандағы қар жамылғысы жатқан аумақ ауданы 55%-ды құрайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Синоптикалық болжамға сәйкес, 23-29 наурыз аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Жаңбыр, тұман, желдің күшеюі болжануда.

Қатты жаңбыр 26 наурызда ҚР батысында (Батыс Қазақстан, Атырау), 26-27 наурызда солтүстік-батыста (Ақтөбе, Қостанай), 23, 26-28 наурызда республиканың оңтүстігінде (Түркістан облысы), 28-29 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында (Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары) күтіледі.

Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды.

Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу