ҚР ТЖМ: 11 мыңнан астам адам үйлеріне оралды
ҚР ТЖМ
Су тасқыны басталғалы бері 104 233 адам, оның ішінде 37 983 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді.
Оның 11 571 адамы үйлеріне оралды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР ТЖМ ақпаратына сүйеніп.
Уақытша орналасу пунктеріне 7 146 адам, оның ішінде 3 163 бала орналасты.
9,2 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 1,8 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді.
Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш хабарлады.
Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарына 30 591 адам, 3 531 техника, оның ішінде, 679 су сору құралы, 208 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.