ҚР ТЖМ: 63 927 адам құтқарылды және эвакуацияланды
ҚР ТЖМ
Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 391 жеке тұрғын үй, 1059 саяжай үйі, түрлі мақсаттағы 79 ғимарат су астында қалды, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі Орталық коммуникациялар қызметі ақпаратына сүйеніп.
Сонымен қатар, 10 068 бас ауылшаруашылық жануарлары қауіпсіз қашықтыққа шығарылды.
96 тоннадан астам гуманитарлық жүк жеткізілді, 7 млн 300 текше метр еріген су тартылды, 921 мыңнан астам қапшық және 970 мың тонна инертті материалдар төселді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына дәл қазір 8 779 адам, 1756 бірлік техника, 415 су айдау құралы, 65 жүзу құралы, 12 әуе құралы жауынгерлік кезекшілікте.