Қазақстанда соңғы бес күнде 22 адам суға кетті
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
Соңғы бес күннің ішінде еліміздегі өзен-көлдерде 22 адам суға кетті, оның ішінде 6 бала бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ бойынша Комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
16 адам, оның ішінде 5 бала шомылу кезінде өз күштерін асыра бағалаған, бір бала ата-анасының қарауынсыз қалып қойып, суға құлаған, тағы 5 адам балық аулау кезінде суға кеткен екен.
ТЖК ақпараты бойынша, бұл оқиғалар Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Қызыорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында тіркелген.
Оқи отырыңыз