Қазақстан машина жасаушыларының форумы да өтпейтін болды
t.me/minpromstroykz
25-26 сәуірге жоспарланған Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумы және 2025 жылға ауыстырылды.
Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Форум елдің аумағын шарпыған ауқымды су тасқынына байланысты келесі жылға шегерілді.
ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, министрлік зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және жүзеге асыру жөніндегі жауапты орган болып тағайындалды.
Министрлік форумға қатысуға қызығушылық танытқандарға алғыс білдіре отырып, шараның кейінге шегерілуіне байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.