Астана халықаралық форумы өтпейтін болды
akorda.kz
Су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу және апаттың салдарын жою үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны үнемдеу ұйғарылған.
Сол себепті де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық форумды өткізбеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Айта кетейік, форум биылғы 13-14 маусымға жоспарланған болатын.
Президент форумға шақырылған қонақтар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенетінін жеткізді.
Астана халықаралық форумы өз жұмысын 2025 жылы жалғастыратын болады.
Оқи отырыңыз