«Қыз Жібек» көркем фильмін кинотеатрлардан көруге болады
adebiportal.kz
Жарты ғасырдан кейін қазақ режиссері Сұлтан-Ахмет Қожықовтың туындысы үлкен экранға қайта оралды.
Ал прокаттан түскен барлық қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге жіберіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Алматыда Қазақстандағы ғашықтар күніне орай, «Қазақфильм» киностудиясының аңызға айналған кино туындысы көпшілік көрерменге ұсынылды. Көрсетілімге басты рөлдерді сомдаған ҚР еңбек сіңірген актерлері Меруерт Өтекешева мен Асанәлі Әшімов, кино және театр майталмандары қатысты.
Актриса Меруерт Өтекешеваның айтуынша, «Қыз-Жібек» фильмін әр адам көруі керек, өйткені аты аңызға айналған фильмді Қазақстан өнер тарихында өшпес із қалдырған мәдениет қайраткерлері түсірді.
Айта кетейік, прокаттан түскен барлық қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге жіберіледі.
«Қыз-Жібек» қазақ халқының мәдени мұрасының бір бөлігі екенін және бүгінге дейін көрермен өз тарихынан тағылым алып келе жатқанын тілге тиек өтті.
Фильмді бес күн бойы Қазақстандағы Kinopark Theatres кинотеатрларынан көруге болады.
Айта кетейік, «Қыз-Жібек» – қазақ фольклоры мен кинематографиясының інжу-маржаны. Тарихи фильмнің тұсаукесері 1972 жылы «Қазақфильм» киностудиясында өтті.