«Ақбауыр» кешенінің айналасына елу тал егілді
«Таза Қазақстан» экологиялық акцияcына орай өңір-өңірде абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Науқан аясында Ұлан ауданындағы «Ақбауыр» кешенінің аумағы тазаланды. Бұл жұмысқа журналистер, өнер адамдары, еріктілер және аудан тұрғындары, жалпы саны 250-ге жуық адам қатысты. Тарихи кешеннің айналасына елу тал егілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Эколгиялық акция аясында «Ақбауыр» кешені аумағына 50 тал, Бестерек ауылындағы музей аумағына 30 тал егілді. Іс-шараға қатысушыларға Ұлан ауданының мәдениет қызметкерлері концерттік бағдарлама әзірледі, – деді Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Қанат Оралбеков.
Республикалық акция бес аптаға ұласатыны белгілі. «Киелі мекен» апталығында тарихи-мәдени ескерткіштердің ауымағы тазаланып жатыр.
– Қоршаған ортаны таза ұстау өскелең ұрпақ үшін маңызды. Әсіресе, киелі жерлер мен көне ескерткіштердің аумағын таза ұстаған жөн. Өйткені бұлар ішкі туризмді дамытудың тетігі. Туристер дәл осы киелі жерлерді тамашалауға асығады. Сондықтан бүгін тілшілер қауымы болып «Ақбауыр» кешенінің аумағын тазалауға қатыстық, – деді Қазақстан Журналистер Одағы ШҚО филилалының төрағасы Мерей Қайнарұлы.