KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 1 м/с, С
441.44 473.09 4.75

Шығыстың бас шаһарында ондаған мың көшет егіледі

көрнекілік сурет: depositphotos.com

17.04.2024, 15:54 111 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында 27 сәуірде көгалдандыру акциясы басталады. Экологиялық науқан аясында ондаған мың көшет егіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смиттің айтуынша, көгалдандыру жұмысы қаланың түрлі аудандарында жүргізіледі.

– Облыс әкімі Ермек Көшербаевтың бастамасымен көшет егуді қолға аламыз. Бұл игі іске еріктілерді және барлық ниет білдірушілерді шақырамыз. Саябақтар мен гүлзарлардың аумағына, көшелер мен даңғылдардың бойына көшет егіп, қаламызды бірге көркейтеміз, – деді Ирина Смит.

Экологиялық акция аясында 79 аула көгалдандырылады. Астана көшесіне, Абай, Шәкәрім, Есенберлин даңғылдарының бойына, 19, 20, 21 және 25-ші шағын аудандарда, «Тәуелсіздік» монументінің аумағында көшеттер егіледі.  Сонымен қатар қаладағы мектептер мен балабақшалардың ауласына елу талдан егу жоспарланып отыр.

– Тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру, тазалау және көгалданыдру жұмыстарына ПИК, МИБ, ЖС мен жергілікті тұрғындар жауапты екенін тағы бір еске саламыз, - деді Ирина Смит.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив