KZ
Өскемен
-6°
туман жел 2 м/с, ОШ
530.12 546.08 5.17

Су тасқыны: 43 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды

фото: primeminister.kz

2.05.2024, 15:02 161 Айжанат Бақытқызы

Қазақстанда осы сағатта республика бойынша 43 015 адам үйлеріне оралды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, эвакуациялық орталықтарда 6 338 тұрғын қалды.

Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 710 тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

«Атырау облысы бақылауда. Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда. Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен жүзеге асырылады. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте 70 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды, 202 мың қапшық төселді»,-делінген министрлік хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу