KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

Су тасқыны: Ел тұрғындары үйлеріне оралып жатыр

24.04.2024, 16:04 133 Айжанат Бақытқызы

Қазақстандықтар су тасқынынан зардап шекпеген үйлерге біртіндеп орала бастады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, республика бойынша 31112 адам өз үйлеріне оралды. 8 566 адам, оның ішінде 3 718 бала эвакуациялау пункттерінде.

«5677 тұрғын үй мен 2584 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 11,7 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,5 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді»,- делінген бейінді министрлік хабарламасында.

Су тасқыны кезеңі басталғаннан жедел желі телефонына 2 205 қоңырау түскен.

Ел бойынша авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 мыңнан астам адам және 4 мың техника, 773 су сору құралы, 294 жүзу құралы және 13 әуе кемесі жұмылдырылды.

Қазір Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою және халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда.

«Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында Жайық өзенінің су деңгейі біртіндеп төмендеп жатқаны байқалады, су деңгейіне мониторинг жалғасуда. Қазіргі уақытта үйлерді су басу оқиғасы тіркелген жоқ. Саяжайда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру үшін аралау жұмысы жалғасуда»,-деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Суреттер: ҚР ТЖМ

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив