Жеті мыңға жуық адам әлі эвакуациялау пунктілерінде
ОКҚ
Республика бойынша 37324 адам өз үйлеріне оралды. 6817 адам эвакуациялау пунктілерінде, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ОКҚ ақпаратына сүйеніп.
6379 тұрғын үй мен 2794 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. Су тасқыны бастағалы бері 12,6 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 6,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.
Оқи отырыңыз