KZ
Өскемен
-6°
туман жел 2 м/с, ОШ
530.12 546.08 5.17

Эвакуация орындарындағы 41 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды

t.me/ortcom_kz

1.05.2024, 19:00 188 Назерке Каримова

Азаматтық қорғау күштері, әскери қызметшілер, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер, белсенділер су тасқынына қарсы және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында атап өткендей, қазіргі таңда Атырау облысы бақылауда.

- Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғасуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 37 мың қапшық, 685 тонна инертті материал төселді. Құлсары қаласында  су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 216 мыңнан астам текше метр су сорылды, - деді спикер.


Осы сағатта республика бойынша 41 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды. 6 405 адам эвакуациялау пункттерінде. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 184 тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

- Бұған дейін Алматы қаласынан, Жетісу және Алматы облысынан  Батыс Қазақстан облысына көмекке барған төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда, - деді спикер.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу