Өңірлерде 21 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды
ҚР ТЖМ
Еліміздің орталық және солтүстік өңірлерінде су тасқыны жағдайы тұрақталып келеді.
Ресей Федерациясы жағынан Жайық және Есіл өзендерінің арналарында судың көтерілу болжамына байланысты Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары ерекше бақылауда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ОКҚ ақпаратына сүйеніп.
Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп су тасқыны жағдайы бойынша жедел ақпаратты ұсынды.
ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының психологтары су тасқыны қаупі бар өңірлердің тұрғындарына шұғыл психологиялық және ақпараттық көмек көрсету мақсатында тәулік бойы кезекшілікті жалғастыруда. Жедел желі телефонына 2 036 қоңырау түсті.
Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 31 942 адам, 4 593 техника, 797 су сору құралы, 325 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды.