Қазақстанда Орман қорын күзету және қорғау қызметі құрылды
ҚР Үкіметініңсбаспасөз қызметінен
Бұл қызмет табиғи өртке қарсы іс-қимыл жүйесін нығайтуға бағытталған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Орман қорын күзету және қорғау қызметін құру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы жаңа Республикалық азаматтық қорғау қызметі ТЖ кезінде, оның ішінде орман өрттерін сөндіру барысында орман шаруашылығы мекемелерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, қазіргі уақытта Қазақстанда 15 республикалық азаматтық қорғау қызметі бар, олар еліміздегі тіршілікті қамтамасыз ететін институттардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған. Олардың қатарына Өрт сөндіру қызметі, Медициналық қызмет, Химиялық қорғау қызметі, Инженерлік қызмет, Радиациядан қорғау қызметі, Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет және т. б. жатады.