KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Семейдегі көпқабатты үйде жеделсаты құлауына байланысты тергеу басталды

Абай облыстық ПД

9.05.2024, 21:00 61 Назерке Каримова

WhatsApp чаттарында апат салдарынан қаза тапқандар туралы ақпарат тараған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Абай облыстық ПД бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ескертеді.

- Семей қаласында көпқабатты үйде лифт құлау салдарынан адамдардың жарақаттануы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Абай облыстық ПД. - Қазіргі уақытта алты зардап да шеккен адам ауруханада. Лифтте қаза тапқандарға қатысты WhatsApp чаттарында таратылатын ақпарат шындыққа жанаспайды.


Полиция департаменті жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын ескертіп, азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив