Емхана құрылысына мониторинг жүргізілді – Ұлан ауданы
Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде салынып жатқан емхананың құрылысына мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аталмыш нысан құрылыс жыл басында басталған болатын. Жұмыс барысын «AMANAT» партиясының Ұлан аудандық филиалының төрағасы Марғұлан Әменов пен аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мамандары тескерді.
Емхана ғимараты 3 блоктан тұрады. Қазіргі уақытта құрылысшылар емхана ғимаратының іргетасын қалап, жертөлесін толығымен аяқтап, 1 қабаттың қабырғаларын қалап біткен.
Ендігі кезекте құрылыс нысанының 2 қабатын бетондау және арматур тоқу жұмыстары жүргізілуде.