KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, Ю
520.91 544.25 5.29

"Бағасы 10 миллион..." Ұланның әкімі сапасыз жұмысты қабылдамайтын болды (ВИДЕО)

6.09.2019, 08:38 157

Ойнаймын деп саусағына шеге кіргізіп, жамбасын ауыртып жүрген бейнежазбадағы балалар ШҚО, Ұлан ауданы, Тарғын ауылында тұрады.

Айтуларынша «су жаңа ойын алаңының» салынғанына бір апта да болмаған. Алайда әткеншектері сынып, аттракциондары қирап жатыр.

 Ұлан аудандық, Қоғамдық кеңес төрағасы Нұрхан Садықовтың сөзіне сенсек, Тарғын ауылдық округіндегі балаларға арналған нысан құрылысына 10 млн теңге бөлінген. Бағасы қымбат өзі сапасыз құрылыстың ендігі жай-күйі не болмақ?

Қолданысқа берілмей жатып жабылып тұрған алаңқайды жөндеуге Алматылық «Бизнес-Таргет» компаниясы жауапты.
Миллиондағандаған қаражат бөлінген ойын алаңын мердігер компания тұп-тура 10 күн ішіне жөндеуі тиіс.

Енді облыстағы салынып жатқан жаңа құрылыс алаңдарын тескеру үшін арнайы комиссия құрылып құрылыс сапасын мамандар тексеретін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу