KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
450.79 482.21 5.05

ШҚО-да су шаруашылығының орта буын мамандары даярлануы мүмкін

24.05.2024, 18:27 213 ALTAINEWS

Шығыс Қазақстанда су шаруашылығының орта буын мамандары даярлануы мүмкін.

Бұл туралы облысымызға жұмыс сапарымен келген Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті.
Алтай ауданында жергілікті тұрғындармен кездескен ведомство басшысы елімізде су шаруашылығының мамандарын даярлау мәселесіне айрықша көңіл бөлінетінін жеткізді.

– Қазір су шаруашылығы мамандарын даярлайтын жеке институт ашу мәселесі қарастырылуда. Ол оқу орны Тараз қаласында орналасатын болады. Сол сияқты, біз Ташкенттегі ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтымен қазақстандық студенттерді оқыту жөнінде келісімшарт жасастық. Бұл университеттің филиалдары Алматы мен Тараз қалаларында ашылатын болады. Білуімше, су шаруашылығы мамандарын даярлайтын жоғары оқу орны Шығыс Қазақстанда да бар. Алайда, дәл қазір бізге орта буын мамандары қажет. Ал ол үшін колледждермен жұмыс жүргізуге тиіспіз. Осы мәселені шешу үшін еліміздің бірқатар өңіріндегі колледждерде сала мамандарын даярлайтын білім беру бағдарламаларын ашуды жоспарлап отырмыз, – деген министр оның бірі Өскеменде ашылуы мүмкін екенін де жоққа шығармады.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив