KZ
Өскемен
+14°
туман жел 1 м/с, В
450.79 482.21 5.05

32 талапкер смартфон мен шпаргалканың кесірінен тест тапсыра алмай қалды

Фото: Ұлттық Тестілеу орталығы

24.05.2024, 23:00 70 Айжанат Бақытқызы

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 30 мыңнан астам адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 69%-ы қазақ тілінде, 31%-ы орыс тілінде, 40 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҰБТ басталғалы шекті балды 71% талапкер жинады. Орташа балл  64 балды құрады. Ең жоғары балл – 136.

16 мамырда басталған осы жылғы негізгі ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. 

Естеріңізге сала кетсек, тестілеуге қатысуға 186 мың талапкерден 342 мыңға жуық өтініш келіп түсті. 

Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 20%-ы «Шығармашылық емтихан», 18%-ы «Математика-Физика» пәндер комбинациясын тапсырды. 11%-ы «Математика-Информатика» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 45 түлек тапсырған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ның бірінші аптасында 102 талапкер қатысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив