Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
gov.kz
Екі ел арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 22%-ға өсіп, рекордтық көрсеткішке, яғни 28 млн тоннаға жетті.
Бұл туралы алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы барысында белгілі болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Тараптар ҚР мен ҚХР арасындағы тауар айналымының мүмкіндіктері, сондай-ақ экспорттық жүктерді жеткізу шарттарын талқылады.
Қазақстаннан экспортқа 12,6 млн тонна жөнелтілді, бұл 2022 жылғы деңгейден 35%-ға артық.
Тараптар ҚХР-ға экспортты тасымалдау кезінде туындайтын мәселелерді анықтау және шешу үшін жұмыс тобын құруға келісті.
- Бүгінгі таңда Қазақстанның Қытайға жеткізілетін негізгі дақылдардың қатарында арпа мен бидай бар. Екі тараптың бірлескен жұмысының нәтижесінде 2023 жылы пандемиядан кейін ҚХР-ға тасымалдауды қайта бастауға мүмкіндік туды. Бұл дәнді дақылдар экспортын 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Мәселен, 2021 жылы шамамен 347 мың тонна, 2022 жылы 747 мың тонна, ал 2023 жылы 2 227 мың тонна экспортталды, - деп атап өтті Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов.
Оқи отырыңыз