Қазақстанда тағы бір банк пайда болуы мүмкін
Фото: akorda.kz
Елімізде тағы бір банк өз жұмысын бастауы мүмкін. Корейлік BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымы банкке айналуы мүмкін.
Бұл туралы Ақордада Қазақстан мен Оңтүстік Корея президенттерінің келіссөздерінің қорытындысында айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль БАҚ өкілдеріне ресми мәлімдеме жасады.
- Бүгін банктік қадағалау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Жаңа құжат арқылы инвестициялар қауіпсіздігін бақылаудың тәртібі реттелмек. Елімізде корейлік BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымы бар. Мен оны екінші деңгейдегі банкке айналдыру туралы шешімді қолдаймын, - деді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, 12 маусым күні таңертең Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Президент Юн Сок Ёлды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Оқи отырыңыз