KZ
Өскемен
-8°
снег жел 5 м/с, ОШ
516.85 537.68 5.26

Қазақстандық картоптан чипсы жасайтын зауыт салынады

pixabay.com

15.06.2024, 23:00 428 Назерке Каримова

Алматы облысында тұзды тағамдар, оның ішінде «Lays» картоп чипсы зауыты салынбақ.

Оны тамақ өнеркәсібінің трансұлттық корпорациясы, алкогольсіз сусындар мен басқа да азық-түлік өнімдерін өндіруші PepsiCo салмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі ақпаратына сүйеніп.

– Толық көлемде жаңа тағамдар зауытына 160 миллион доллар инвестиция салынды, құрылыс кезеңінде мыңға дейін адам тартылады, жобаның өзі 350-ге жуық білікті жұмыс орнын құруды жоспарлап отыр, – деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі.


Ең ірі жобаны жүзеге асыруға Ауыл шаруашылығы министрлігі көмек көрсетеді.

Зауыттың іске қосылуы 2026 жылға жоспарланған, оның қуаттылығы жылына 16 мың тонна дайын өнім, 2027 жылдан бастап жылдық өнім көлемін 21 мың тоннаға дейін арттырмақ.

Іске қосылғаннан кейін жоба Орталық Азиядағы ең ірі өндіріс орны болады деп күтілуде, оның өнімдері Орталық Азия нарығына және одан тысқары жерлерге жеткізіледі.

PepsiCo-ның Беларусь, Кавказ, Орталық Азиядағы жеткізу тізбегін дамыту жөніндегі директоры Константин Федорчук компания негізінен жергілікті шикізатты сатып алуға ниетті екенін айтты. Қазақстандық фермерлермен картоптың сынақ партияларын жеткізуге келісім-шарттар жасау жұмыстары жүргізілуде. Жоспарда 2026-2030 жылдары 50-66 мың тоннаға дейін картоп сатып алу және кейіннен арттыру көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу