KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Волонтерлік бастамаларды іске асыруға грант беріледі

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

19.06.2024, 21:12 98 Ләззат Қанатқызы

Қазақстанда Birgemiz жалпыұлттық жобасы аясында волонтерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін бөлінетін шағын гранттар байқауының жеңімпаздары анықталды.

Мемлекет тарапынан байқау аясында жалпы 72 миллион теңге сомасында 240 шағын грант бөлінді, олардың әрқайсысы 300 мың теңгені құрайды. Бұл туралы Altainews.kz сайты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жеңімпаздардың бірі, Шығыс Қазақстан облысындағы «Ғажайыптар әлемі» оңалту және дамыту орталығы. Олар қазіргі уақытта «Көмек қолын соз, достық қолын соз!» жобасын жүзеге асырып жатыр. Оның аясында волонтерлер өмірлік қиын жағдайдағы балалар мен жастарды әлеуметтік тұрғыда бейімдеу үшін тәлімгерлікке баулиды.

Жалпы, волонтерлер ел өңірлерінде Birgemiz жобасының әртүрлі бағыттары бойынша 200-ден астам іс-шара өткізеді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен жүзеге асатын «Birgemiz» жобасы – еліміздегі еріктілер қозғалысын қолдауға бағытталған бірегей бастама. Жоба үш жыл ішінде жергілікті өңірлерде көптеген маңызды іс-шараларды жүзеге асыруға үлес қосып, тиімділігін дәлелдеп келеді.

Биыл Birgemiz жобаларын жүзеге асыратын 8 үкіметтік емес ұйым байқауға қатысушылардан мыңнан астам өтінім қабылдады. Birgemiz жобасы волонтерлер қозғалысын дамытуға және Қазақстандағы азаматтық қоғамды нығайтуға ықпал ете отырып, азаматтарды жергілікті мәселелерді шешуге тартады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив