KZ
Өскемен
+26°
ясно жел 1 м/с, С
465.52 498.2 5.45

Ұлттық ұландықтар ұлттық тілді ұлықтады

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

23.06.2024, 18:00 70 Назерке Каримова

Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы  әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері арасында "Мемлекеттік тіл  -  менің тілім" байқауы  өтті.

Әскери қызметшілер сайысқа  барша ықыласымен қатысып, өз өнерлерін  ортаға салды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Байқау мақсаты - мемлекеттік тілді әскери қызметшілер арасында насихаттау, тілді қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

- Семей қаласындағы Абай кітапханасында өткен шараға барлығы алты мерзімді әскери қызметші  қатысты. Жүзден жүйрік,  мыңнан тұлпар атанып,  алға суырылып шыққан өнерпаздар  көрерменнің ерекше ықыласына бөленді, - "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. - Сайыс қорытындысы бойынша №5518 әскери бөлімінің қатысушысы қатардағы жауынгер Антон Коротков  бірінші 1-орынға ие болса, 2-орынды №6679 әскери бөлімінің қатысушысы қатардағы жауынгер Александр Бажов  иеленді. Ал жүлделі  3-орынды №5512 әскери бөлімінің қатысушысы лейтенант Алексей Паскарь  місе тұтты. Барлық қатысушылар  бағалы сыйлықтармен және диплом, алғыс хаттармен марапатталды. Ал сайыста топ жарған қатардағы жауынгер  Антон Коротков қыркүйек айында  Павлодар қаласында өтетін Ұлттық ұлан әскерлері арасындағы сайыста "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының намысын қорғамақ.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив