KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Ақтөбелік нейрохирургтар эпилепсиямен ауыратын балаларға ота жасап үйренді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

30.06.2024, 15:00 132 Назерке Каримова

Ақтөбеде облыстық балалар ауруханасының базасында нейрохирургтар эпилепсиямен ауыратын балаларда ұстамалардың жиілігін 60%-ға төмендететін бірегей операциялар жүргізуді үйренді.

Жергілікті нейрохирургтер үшін алматылық  маман Азамат Жайлғанов шеберлік сағатын өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Ол 2021 жылдан бастап Алматы қаласының №2 қалалық ауруханасының базасында VNS-терапия бойынша 70-ке жуық табысты ота жүргізді.

Ақтөбелік дәрігерлер фармакорезистентті эпилепсиямен ауыратын кішкентай пациентке ота жасады. Бұл дертті дәрі-дәрмекпен және басқа жолмен емдеу тиімсіз.

Операция барысында мамандар пациенттің бассүйек нервіне арнайы стимулятор орнатты. Аппарат баланың терісінің астында 4-10 жыл жүреді. Ота бір сағатқа созылды.

- Оның тиімділігі ұстамалар жиілігін 60%-ға төмендетеді. Бұл балалар үшін маңызды, - деп атап өтті сарапшылар командасымен келген эпилептолог Яна Акчурина. - Өйткені дәрі-дәрмектер мен тиісті бақылаусыз эпилепсия психикалық және физикалық дамудың бұзылуына әкеледі.


Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы стационар базасында әдістемені енгізу үшін балалар нейрохирургтарының опербригадасын құруды жоспарлап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу