Павильонда болған өрт сөндірілді - Өскемен
Өскемен қаласында ет сататын бір қабатты жеке павильонда өрт шықты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Келген ШҚО Төтенше жағдай департаментінің бөлімшелері 27 шаршы метр алаңдағы тілсіз жауды дер кезінде тоқтатты.
«Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Оқи отырыңыз