Алтай ауданында жеке тұрғын үйден өрт шықты, зардап шеккендер бар
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Алтай ауданына қарасты Тұрғысын ауылында жеке тұрғын үйде өрт шығып, екі адам зардап шекті.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенге дейін 1981 және 1980 жылы туған екі тұрғын тілсіз жауды өз бетінше сөндірмек болыпты. Нәтижесінде екеуі де термиялық күйік алған, деп хабарлaйды Altainews.kz тілшісі.
- 90 шаршы метр аумаққа шарпыған өрт толықтай ауыздықталды. Қызыл жалын электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан тұтанғаны анықталды. Тұрғындарды барынша сақ болуға және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырамыз, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз