KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 3 м/с, З
477.62 527.67 5.25

Қостанай станциясының бастығы қызметінен босатылды

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ

18.08.2024, 16:00 126 Назерке Каримова

Қостанай вокзалы мен оған іргелес аумақтың жай-күйіне немқұрайлы қараған басшылар жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек,ҚТЖ басшылығының Қостанай өңіріне жұмыс сапары кезінде Қостанай вокзалы мен оған іргелес аумақтың қанағаттанарлықсыз жай-күйі үшін Қостанай станциясының бастығы және Қостанай магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесінің директоры, Қостанай магистральдық желі бөлімшесінің директоры шаруашылықтарды тиісінше деңгейде ұстамағандары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ барлық олқылықтарды қысқа мерзімде жөндеу міндеттелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив