Өскеменде бүгін ретро-кеш өтеді

Бүгін облыс орталығында Коституция күні мен Қала күнін мерекелеу аясында 70-ші, 80-ші, 90-шы және 2000-шы жылдардың стиліндегі костюмді музыкалық ретро-кеш өтеді.
Бүгінгі кешке үздік ретро образ дайындап келген қала тұрғынына естелік сыйлық тарту етіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сондай-ақ түрлі қызықты байқаулар, тақырыптық сауда-саттық, ән мен би, антиквариат және қолөнершілер көрмесі мен ретро көліктер көрмесі де ұйымдастырылады.
Ретро-кеш 24 тамызда сағат 19:00-де Достық үй – Қоғамдық келісім орталығында (Назарбаев даңғылы, 68) өтеді.
Дресс-код: ретро стильдегі киім.
Сонымен қатар бүгін Достық үйі ауданындағы үйлердің түнгі жарықтандырылуы таныстырылады.
Естеріңізге сала кетейік, Коституция күні мен Қала күні тұспа-тұс келетіндіктен соңғы жылдары қос мерекені бірге атап өту дәстүрге айналған.