Биыл жол-құрылыс жұмыстарының көлемі рекордқа жетті
t.me/kolikpress
Президент Жолдауын іске асыру аясында Қазақстан Үкіметі көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі шаралар кешенін қабылдады.
Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет жол инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі ауқымды мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда. Атап айтқанда, ол еліміздің көлік желісін дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
2024 жылы жол-құрылыс жұмыстарының көлемі рекордты 12 мың шақырымға жетеді, оның 8 мың шақырымы еліміздің өңірлерін байланыстыратын стратегиялық маңызы бар көлік күре жолдарын қамтамасыз ететін республикалық жолдарды құрайды. Қалған 4 мың шақырымы – жергілікті маңызы бар жолдар.
Жыл соңына дейін 7 мың шақырым жолдың құрылысы, реконструкциясы және жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.
Бұл көпір өңір үшін стратегиялық маңызға ие, өйткені бұрын шалғай аудандардың тұрғындары паром өткелін пайдалануға мәжбүр болған. Жаңа көпір жол жүру уақытын қысқартып қана қоймайды, сонымен қатар қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.