KZ
Өскемен
+21°
небольшая облачность жел 4 м/с, З
478.96 533.03 5.22

«Торпедо» жеңілсе де, көш басындағы орнын сақтап қалды

27.08.2024, 11:01 69 Нұржан Кенжеұлы

Өскеменде өтіп жатқан шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы үшін жарыстың топтық кезеңі аясында Қызылжардың «Құлагерімен» кездескен «Торпедо» 2:3 есебімен қарсыласына жол беруге мәжбүр болды.

Соған қарамастан жерлестеріміз А тобындағы бірінші орынын сақтап қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өйткені, «Құлагермен» өткен ойынның тағдыры негізгі уақытта емес, овертаймда ғана шешілген. Ал қосымша уақытта жеңіліс тапқан командаға ереже бойынша бір ұпай берілетіні белгілі. Осылайша, жеңілсе де, бір ұпай еншілеген «Торпедо» әзірге көш басында қалуда. Үш ойыннан кейін қоржынында бес ұпайы бар өскемендік командаға енді ұпай жоғалтуға болмайды. Әйтпесе, плей-офф кезеңінен тыс қалуы мүмкін.

Еске салайық, топтық кезең аясындағы соңғы матчында «торпедолықтар» жарыстың басты фавориті саналатын «Арланмен» (Көкшетау) шеберлік байқасады. Бұл ойын 28 тамыз, сәрсенбі күні кешкі сағат 19:00-де басталады. Осы ретте Борис Александров атындағы спорт сарайында өтіп жатқан ел кубогы үшін жарысқа кіру тегін екенін айту керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив