KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

«Торпедо» қатарынан екінші ойында жеңіске жетті

сурет редакция архивінен

26.08.2024, 09:40 85 Нұржан Кенжеұлы

«Торпедо» қатарынан екінші ойында жеңіске жетіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өскеменде өтіп жатқан Қазақстан кубогы үшін жарыстың топтық кезеңі аясында жергілікті команда былтырғы бәсекеде топ жарған ташкенттік «Хумомен» кездескен болатын. Бұл ойында «торпедолықтар» қарсылас қақпасынан бес рет саңылау тауып, сенімді жеңісін тойлады. Біздің команда сапында қорғаушы Владимир Гребенщиковтың, сондай-ақ шабуылшылар Степан Рифель (дубль), Александр Панченко мен Алексей Зубовтың қанжығалары майланды. Қорытынды есеп 5:2.

Осы жеңісінен кейін төрт ұпай жинаған «Торпедо» А тобында жеке-дара көш бастады. Еске салайық, бұған дейін өскемендік команда 3:2 есебімен «Алматыдан» басым түскен болатын.

Енді жерлестерімізді тағы бір азулы қарсылас күтіп тұр. Бүгін «Торпедо» Қызылжардың «Құлагерімен» шеберлік байқасады. Борис Александров атындағы Спорт сарайында өтетін бұл ойын кешкі сағат 19:00-де басталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив