Ойын бизнесін ұйымдастырған қазақстандық азамат БАӘ елінде ұсталды
pexels.com
Күдікті Атырау облысында букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз ойын бизнесін ашып, халықтың 21 млн теңгесін жымқырған.
Артынша заң қызметкерлерінен жасырынып, шетел асқан, деп хабарлайды Altainews.kz сайты ҚР Бас прокуратурасының ақпаратына сүйеніп.
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.
Айта кетері, ол бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған екен.
Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.