Қазақстанда қаржы пирамидасын басқарған күдікті Армениядан экстрадицияланды
pexels.com
Ол Қостанай облысындағы қырыққа жуық адамды алдаған «Finiko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының ақпаратына сүйеніп.
Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Армениядағы Елшілігінің көмегімен қаржы пирамидасын басқарған Қазақстан азаматшасын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елге экстрадициялады.
Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынған.
Айып тағылған қылмысты жасағаны үшін 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.