KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 2 м/с, З
509.94 593.88 6.43

Тоқаев Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

t.me/aqorda_resmi

1.09.2024, 15:00 240 Назерке Каримова

ҚР Президенті Өзбекстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Өзбекстанның экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық аренадағы беделін нығайту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағыттарында толайым табысқа жеткенін атап өтті, – деп хабарлады Ақорда. – Қазақстан Президенті ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынасты одан әрі жан-жақты дамытуға ниетті екенін растады.


Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің жауапты мемлекеттік қызметі табысты болуына және бауырлас өзбек халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу