Келесі дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді

t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi
Астанада мәресіне жеткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 30-дан астам мемлекеттің спортшылары жүлдегер атанды, деп деп хабарлайды Altainews.kz сайты ҚР Туризм және спорт министрлігінің ақпаратына сүйеніп.
Елордада ұйымдастырылған 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәресіне жетті. 8-13 қыркүйек күндері өткен көшпенділер Олимпиадасына 90-ға жуық мемлекеттен 2500-ден астам спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығын сарапқа салды.
«Қазанат» ипподромының жанында бой көтерген «Көшпенділер әлемі» этноауылында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанатына Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған қатысып, сөз сөйледі. Е.Мырзабосынов байрақты бәсеке ұлттық спортымызды ұлықтап, салт-дәстүрімізді дәріптеп, мәдени мұрамызды төрткүл дүниеге паш еткен бірегей оқиға ретінде тарихта қалғанын атап өтті.
Жабылу салтанатының соңында ойындардың ресми нышаны саналған торсықты келесі ойындарды қабылдайтын Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтовқа табыс етілді.