KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, З
487.37 532.94 5.09

«Алматы - Өскемен» автожолында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады

t.me/qazavtojol

Бүгін, 13:00 0 Назерке Каримова

"Алматы-Өскемен" (Алматы-Қапшағай) автожолының 38+800 шақырымынан 46 шақырымына дейінгі ақылы жол учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы "ҚТЖ" ҰК" АҚ хабарлауынша уақытша шектеу "Алматы вокзалын айналып өтетін теміржол желісін салу" жобасы аясында жолдың қиылысында арқалықтарды орнату жұмыстарына байланысты.

Уақытша шектеу 15,16 және 17 қазан күндері сағат 00.00-ден 06.00-ге дейін жарамды.

Айналма жол параллель орналасқан "Алматы - Жетіген" автожолы арқылы ұйымдастырылады.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы "ҚТЖ" ҰК" АҚ жолаушыларға алдын ала сапарды жоспарлауды сұрайды. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив