KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 2,7 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Қазақстаннан Камбоджаға тікелей әуе рейстері ашылды

t.me/kolikpress

Бүгін, 21:00 0 Назерке Каримова

Сиануквиль қаласына тікелей Астана мен Алматыдан ұшып баруға болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігі ақпаратына сүйеніп.

«SCAT» әуекомпаниясы Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне тікелей рейстерді іске қосуда.

– Қазан айынан бастап «SCAT» қазақстандық әуе компаниясы Астана – Сиануквиль және Алматы – Сиануквиль бағыттары бойынша Камбоджаға тікелей жолаушылар рейстерін іске қосады, – деп мәлімдеді министрлік. – 24 қазанда Астанадан алғашқы рейс орындалды, Алматыдан алғашқы ұшу 29 қазанда жоспарланған.


Туристерге ыңғайлы болу үшін рейстер чартерлік негізде Boeing-757/737 Max ӘК типінде орындалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив