Қазақстаннан қандай елдерге әуе рейстері ашылады?
![](/kz/uploads/posts/2024-08/depositphotos_4723304-stock-photo-passenger-airliner-flight-blue-sky.webp)
Фото: depositphotos.com
Көлік министрлігі жақын арада қай бағыттарда халықаралық жаңа авиарейстер ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform порталына сілтеме жасап.
– Биылғы қыркүйек айынан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы А-320 типті ұшағымен Шымкент – Джидда бағыты бойынша аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) жиілікпен тікелей рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар 1 қарашадан бастап «SCAT» әуекомпаниясы Шымкент – Сиань бағытында рейстерді бастайды, – делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Бұдан басқа, 2024 жылғы желтоқсаннан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы Алматы – Куала-Лумпур бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен Малайзияға тікелей жолаушылар рейстерін қайта бастау мәселесін қарастырып жатыр.
– Сондай-ақ орта мерзімді перспективада Токио мен Нью-Йорк қалаларына рейстерді іске қосу жоспарланған, – деп нақтылады ведомство.
Оқи отырыңыз