KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
515.03 584.82 6.24

Өскемен: 24-ші тұрғын ауданда "жарылыс" болады

18.10.2022, 10:00 21 206

Облыс орталығының 24-ші шағын ауданындағы құрылыс алаңында жарылыс жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Сейсенбі күні сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін «24-тұрғын ауданының бас жоспары мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу» нысанында жылумен, сумен жабдықтау және кәріздің кварталішілік желілерін тарту үшін жарылыс жұмыстары жүргізіледі, – деп мәлімдеді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу