KZ
Өскемен
-15°
плотный туман жел 1 м/с, З
515.25 535.91 5.18

ШҚО сервистік жұмыс моделі бойынша көш басында келеді

17.11.2020, 11:11 175

Шығыс Қазақстан облысында 2019 жылдан бері сервистік әкімдік ашу жобасы іске асырылып келеді. Қазіргі уақытта 19 қалалық және аудандық әкімдік жаңа форматта қызмет көрсетеді. Сондай-ақ тағы 11 ауылдық округте сервистік әкімдік ашылған. Ал өңірдегі 247 ауылдық округтің 234-інде «Connection Point» форматында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істеп тұр.


Жалпы сервистік әкімдіктердің негізгі критерийі – кәсіби білікті мамандардың қызмет көрсетуі. Осы арқылы азаматтарға қолайлы жағдай жасау. Сондай-ақ күтуге арналған ыңғайлы залдар, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары, ақпараттық стендтер, WI-FI желісі, мүмкіндігі шектеулі адамдарға ыңғайлы жағдай жасау – осының барлығы сервистік әкімдікдің құрамына кіреді.


Биыл республика бойынша 42 мемлекеттік мекеме «ореn space» форматына, 30 мекеме сервистік жұмыс моделіне көшті. Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысы сервистік модельмен жұмыс істейтін мемлекеттік органдар арасында трансформация бойынша көшбасшылардың бірі деп танылды.

 

 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу