KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да 86 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды

1.11.2020, 07:05 117

Шығыс Қазақстан облысында қазаннан бері 86 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

- Медициналық персонал арасында тіркелген вирус жұқтыру статистикасы бойынша ШҚО жетекші орында. Жалпы алғанда, біздің мәліметтеріміз бойынша, 1 қазаннан бері 86 жағдай тіркелді. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуы үшін мамандардың өздері де, медициналық ұйымдар басшыларының да жауапкершілігін күшейту туралы шешім қабылданды, - деді Е.Қиясов.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер бұл статистика төмендеуі үшін санитарлық-эпидемиологиялық режимнің барлық ережесін сақтау қажет екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу