KZ
Өскемен
-7°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
498.55 524.28 4.75

Өскеменде сауда орындарын тексеру жұмыстары жалғасуда

26.10.2020, 08:38 170

Өскеменде сауда орындарын тексеру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мониторингтік топ бұл жолы Назарбаев даңғылы 8/1 мекенжайындағы көтерме-сауда орталығында рейд жүргізді. Бұл жерде санитарлық талаптар қатаң түрде сақталмағаны анықталды. Тексерушілер нысанға кіре бере медициналық масканы иегіне тағып отырған күзетшіге ескерту жасады. Тиісінше тәртіп сақшылары бұл азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Осыдан кейін мониторингтік топ әрбір дүкенге бас сұғып, сақтық шараларына селқос қарап келген сатушыларға ескерту жасап, қауіпсіздік ережелерінің маңызын түсіндіріп өтті.

– Медициналық масканы тексерушілер үшін емес, өз қауіпсіздіктеріңіз үшін тағыңыздар. Сондай-ақ айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі үшін де жауапты екеніңізді ұмытпаңыз. Мұны осы бастан түсініп алған жөн, әйтпесе мониторингтік топ қайта-қайта келіп, сақтық шараларын еске салып жүрмейді ғой, – деді «Шығыс – адалдық алаң» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахытқызы.

Ал тұтынушылардың сақтық шараларын мейілінше сақтайтыны байқалды. Көп адамның ішінен медициналық бетпердені «иекпердеге» айналдырған бірді-екілі тұтынушы ғана көзге түсті. Әлбетте оларға тексерушілер тарапынан ескерту жасалды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу