KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 2,5 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Өскеменде тағы да рейд. Бұл жолы айыппұлсыз

30.11.2020, 17:42 300

Өскеменде шектеу шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың кезекті рейд шарасы өтті.

Рейд барысында түске дейін Қабанбай батыр көшесіндегі 10 шақты нысанды аралады, оның ішінде «Ануар», «Заңғар» , «Қайнар» сынды үлкен сауда үйлері, одан бөлек, «Гелиос», «Киімдер әлемі» мен жеміс-жидек сататын дүңгіршек те бар.


-   Барлық заңбұзушылық фактілерді учаскелік инспектор түсіндірме хаттарымен тіркеп, санитарлық эпидемиологиялық қызметке жібереді, - Өскемен қаласының Кәсіпкерлік және ауылшарушалық бөлімінің маманы Еламан Нұрланов.

Қала әкімінің өкімімен қалада 15 осындай мониторингтік топ бар. Олар әр күн сайын , тіпті, күндіз-түні рейд шараларын жүргізуде. Ал санитарлық талаптарды сақтамағандарға аямай, айыппұлды салуда. Тек бұл жолы кәсіпкерлердің қуанышына қарай, рейд жұмысы айыппұлсыз аяқталды.


-      Талаптарды көбісі түсіністікпен қарайды, алайда қарсыласу жағдайлары да жоқ емес. Әсіресе, масканы дұрыс тақпау жағдайлары көп. Иекке не мұрынның астына тағып алады, - дейд мониторингтік топтың мүшелері. 

Айта кетейік, Өскеменде рейдтік шаралар мен мониторингтік топтардың жұмыстары әлі де жалғасады. Сауда орындары мен дүкендерге барғанда жеке қорғаныс заттарын қолдануды ұмытпаңыздар. Бұл сіздерге ыңғайсыздық тудырса да, өзіңізді және жақындарыңызды қауіптен қорғауға септігін тигізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу